Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп

09.10.2018. 2018 жылға бөлінген қаржы ІІІ тоқсан бойынша игерілуі

 

Қамқоршылық кеңес

 

 

 

 

 


 

 

 

   

01.02.2018 Конкурс туралы хабарландыру.

01.02.2018

Конкурс туралы хабарландыру.


Құжаттарды көшіріп алу:

1. Конкурстық құжаттарды жүктеп алу

 

   

25.05.2017. «Қоңырау мектептің сүйікті әуені!»салтанатты жиынының жүрісі

Өтетін күні: 25-05-2017жыл

Өтетін уақыты:Сағат 9:30
Өтетін орны: Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп алаңы

Безендірілуі:Мектеп алаңын түрлі-түсті шарлармен,жалаушалармен безендіру
Орналасуы:Мектеп алаңында сағат 9 :00 дейін оң жақ бетінде мектеп  оқушылары,мектеп алды  мектеп бітіруші түлектер және 1-сынып оқушылары,алаң төрінде мектеп бітіру салтанатына шақырылған қонақтар,алаңын шығыс жағына10 жылдық және 20 жылдық мектеп бітіруші түлектер орналасады.
- Ф - а - н - ф - а - р – ы (музыка орындалады)

Айтжан: Қайырлы күн құрметті қонақтар,ұстаздар, ата-аналар,оқушылар!
Міне бүгінАлтын ұя мектебіміз  тағы да  бір салтанатты жиынға  сап түзеді.

Ләззат:Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар мен оқушылар!
Қиындығы мен қызығы мол,әр жылы  қайталанбас  тарихқа толы.оқушылардың сыныптан-сыныпқа  көшіп  асыға күткен жазғы  демалысқа  шығарып  салатын мектептің  мерекесі-соңғы   қоңырау салтанаты! Жылдағы  дәстүр бойынша  білімнің ордасы,ұлылықтың
мекенінде тойланатын «Қоңырау мектептің  сүйікті әуені» атты салтанатты  жиынымызға  қош  келдіңіздер!

Айтжан:
Бүгінгі күн  11 жыл бойы тәлім- тәрбие  берген ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің  мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге  қадам  басардағы қуанышты күні.
Міне оқушылар, ұстаздар, ата-аналар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
2017 жыл-ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 25 жыл,Мемлекеттік Рәміздеріміздің 25 жылдығы сонымен қатар Елордамыз Астана қаласында  ЭКСПО-2017 көрмесі өтілмек.

Ләззат:
Думанды дүбір ән жырды
Жайқалған өмір жас бағы
Мінеки тағы бір жылды
Сырғытып артқа тастады

Ұстаздардың –жаны нұр
Шаттық күйіге бөленсін
Аяқталды тағы бір
Оқу жылы жеміспен

Айтжан:

Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.Міне, тағы бір оқу жылы аяқталар сәтте тұрмыз. Бүгін мектеп кемесінен тағы бір топ түлектеріміз үлкен  өмір жолына аттанғалы тұрса, мектебімізідің ардагер ұстаздары,мектеппен қоштасқанына 10 жыл және 20 жыл толып отырған шәкірттеріміз ортамызда.

Ләззат:
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты

Алты Алаштың баласы түгел  жиналса да шаршы орын мұғалімдікі  демекші мектебімізідің ардагер ұстаздарын қошаметпен ортаға шақырамыз

Басқарып Алтын ұя ұжымындаЖан жағы бау –бақшалы берекелі
Еңбектің бақыт көріп қызығындаНемере шөбере бар берекелі
Ұйтқысы  бола білген мектебімніңАғайын қошаметпен қарсы алайық
Толмаған ешқашанда жүзі мұңғаАрдагер ұстаздарым Еңбек ері!

Айтжан:
Табылған балапан ем ұядағы,
Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сыя алады.-демекші мектеп бітіргендеріне 20 жыл ,10 жыл толып отырған 1997және 2007 жылғы  түлектерімізді шақырамыз

Ләззат:

Ұшырады мектебің өз қолыңнан
Көріне біл ғылымның сан қырынан
«Пай пай , мынау  Жұбаевтың ұл –қызы деп
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан

Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура жүрер нақ жолына ,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым қып түлектердің ақ жолына

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.- дей келе

мектеп бітіруші түлектерімізді ортаға шақырамыз.

11 сынып түлектері

Сынып жетекшісі Нетше Гүлбанат

Аймұратұлы Дәулет              Аймұратқызы Сәулет
Асанов Жандос                       Асқанбаев Еламан
Асылбекова Жапырақ            Ахатова Жадыра
Әбілдікұлы Ақсауыт              Дүйінбаев   Сабыржан
Есенғалиев Ақтан                   Кемелханқызы Арай
Қойшыбек   Іңкәр                   Наужанова Сәнімгүл
Сағатова Жұлдыз                   Төлеп Әзиза
Құдайберген Данабек            Көбегенова Тұрсынгүл

Айтжан:
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі-бәрі.
Бүгінгі  салтанатты жиынымызда
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!
Қазақстан Республикасына сап түзеңдер!
Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұраны орындалсын !
Салтанатты жиынға Мемлекеттік Ту енгізілсін!
-Туды алып жүру 11 сынып түлектері

Дүйімбаев Сабыржан
Асанов Жандос
Есенғалиев Ақтанға   тапсырылады.

Ләззат: Құрметті  қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!
«Қоңыраумектептің  сүйікті әуені!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар.
1. Шетпе селосының әкімі  -Мүттәллапоа Мұхтар  Мүттәлапұлы
2.Аудандық білім бөлімінің әдіскері –          Ізмұрзаева Айсұлу
3.Нұн Жұбаевтың інісі-  Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы Жұбаев Сұлтан
4. ҚР Білім беру ісінің үздігі ,ардагер  ұстаздар  - Алдаберген ағай,Ару апай,Шұға апай,Жәния апай,Қалым апай,Рыскүл апай,Зылиха апай,Шарау апай,Қаламқас апай,Өтелхан апай,Баян апай,Нұртаза апайларымыз
5.Аудандық «Ардагерлер»кеңесінің мүшесі-    Байпақов Шаймырза ағай
және де ата-аналарымыз  ортада.

Айтжан:
Жас болса да ұжымды үлкен басқарған
Еңбек жолын осы ұжымда бастаған
Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Тілек  айтар жастарымды бастайтындай ілгері
Мектебімнің  ұйтқысы, панасы
Барлық шәкірт ұстаздардың данасы
Жетіп жатқан жетістік пен ұйымшылдық арқауы
Жасұландай басшымыздың арқасы

Мектептің 2016-2017 оқу жылындағы қол жеткізген табыстары мен жетістіктері туралы таныстырып өту  үшін сөз мектеп директоры Күзембаев Жасұлан Сыдиықұлына беріледі.

Ләззат:
Өнері мен білімін өз бойына өре білген 20 жылдық шәкірттеріміздің жас бүлдіршіні   Әбіл Қарақат «Ұстазым»  әнімен

Айтжан:
Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонақтарымызға беріледі --------------------------------------------------------------------------- беріледі.

Ләззат:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,
Бүгін міне  сіздерге арналады

Алматы қаласында өткен би сайысының Гран-при иегері, Атырау қаласында өткен сайыстың  жүлделі 1 орын иегері,мектебіміздің биші қыздары Мөлдір мен Ақбаянды «Қазақ»биімен қарсы алайық

Айтжан:
Түлектердің қанаттары талмасын,
Көк аспанда қыран болып самғасын.
Ақ жол тілеп,барша мына ұл –қызға,
Туғанай апай ақ тілегін арнасын.

Ләззат:
Құттықтау сөз оқу ісінің орынбасары Сәрсенбаева Туғанай апайға беріледі.

Айтжан:

Жүрек толқып қоңыраудың үнінен,
Тақпақ жаттап қанша бала түнімен.
Түлектерге  арнау айтып бүгін кеп
Құттықтауда соңғы қоңырау күнімен! - деп,
құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
(1 сыныптың 5 оқушысы құттықтайды.)

Айтжан:

Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11ші сынып алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп, білім  кілтін
Жұлдыз:
Мектебім мен ұстазым
Қазір маған мақтаныш
Ел үмітін ақтадым
Әр күнім бүгін мақтаныш

Іңкәр:
Білімді құйып санаңа
Шәкірт болыңдар білікті
Орынымызды басар деп
Тапсырамыз алтын кілтті

Тұрсынгүл:
Ақ үмітті ақтадық кеше біздер
Білім қуған әрқашан көкке өрлер
Шын пейілмен сіздерге ұсынамыз
Сөндірмеңдер біз жаққан отты сіздер

Динара:
Біз барлық үміттерді ақтауға
Ұлт намысын сақтауға
Ел тұғырын биік ұстауға
Мектебіміздің мәртебесін биік көтеруге ан етем

Ләззат
Ұстаздарға ,мектебіме ұяма
Біз сөз айтпау адамдыққа сия ма
Сіздер берген тәрбиемен біліммен
Келіп тұрмыз міне Алтын ұяға
Құттықтау сөз 20 жылдық және 10 жылдық түлектерге беріледі.

Құрметті қонақтар,ұстаздар,мектеп оқушылары және ата-аналар!
Міне бұл салтанатты жиынға 30 жылдық түлектерде қатысуды жоспарлаған болатын.Алайда 1987 жылы мектеп бітіріп отырған шәкірттеріңіз  Нахуов Абай деген азаматтың күні кеше өмірден өтуіне байланысты1970 жылы туылған түлектеріңіз  қатыса алмай маған аманат қылып тапсырған болатын
Барша ұстаздар қауымын шын жүректен құттықтайды.Сонымен қатар мектепке 30 түп  шыбық,мұғалімдер бөлмесіне кондиционер,АКТ залымызға  сахна дайындатып әкелді.
Сәнауов Асқар  деген азамат өзінің жанұясы атынан  әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларымызға 300 мың теңге көлемінде қаржылай  көмек көрсетіп отыр.  Мектеп бітіруші 3 түлегімізіге 50 000,  9 сыныпты  аяқтап отырған 2 оқушыға 30 000 яғни  бұл оқушыларымыз оқу орындарына  тапсырып өмірге жолдама алады деген мақсатпен беріліп отыр және ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын 6 оқушыға  жолға көмек ретінде 15 000 теңге бөлген болатын соны сіздердің алдарыңызда маған тапсырылған аманатты тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Айтжан:

Қиындықтың көргенменен қандайын,
Басқалардың қақтырып бір таңдайын.
Әр мереке ұстаздарға осылай
Шаттық алып келе берсін әрдайым!

Алаламай аялап бар баланы,
Білім беру мақсаты, арман әні.
Баулыған он бірінші сынып   түлектерін
Гүлбанат  апай балалардың анасы

Құттықтау сөзөмір жолының алғашқы қадамында тұрған 2017 жылғы жас түлектерге және сынып жетекшісі Нетше Гүлбанат Қарақойшықызына  беріледі.(11-сыныптардың мерекелік бағдарламасы)

Ләззат:

Мерекеде басты қостық бәріміз
Жарасады әнімізбен сәніміз
Әуенімен тербелейік вальспен
Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз

Мектеп бітіруші түлектер вальсі

Айтжан:
Бұл мереке – дүрліктірген ел ішін,
Бұл мереке – жас түлектер сен үшін.
Кең болсыншы қанат жаяр кеңісің,
Көрсін- ұстаздар еңбегінің жемісін.

Бүгінгі салтанатты жиын тек бітірушілер құрметіне ғана арналмайды, ол сондай-ақ 2016-2017 оқу жылының қорытындысын шығару жиыны. Салтанатты жиынымыздың марапаттау рәсіміне кезек берейік. Оқу озаттары мен мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысқан оқушыларды, сондай-ақ үздік жетістіктерге жеткен ұстаздар қауымын мақтау қағаздарымен марапаттау үшін сөз беріледі

Ләззат:
Ата-ана секілді таза бұлақ,
Перзентің бауырында жайнар құрақ.
Құттықтау сөз кезегін алады енді,
Ата-ана, ұл-қызына тілек арнап-деп, құттықтау сөз беріледі.

Айтжан:МемлекеттікТуға сап түзелсін!
Мемлекеттік Ту салтанатты жиыннан шығарылсын.

Ләззат:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! –
Соңғы қоңырауды  соғу салтанаты 11 сынып оқушылары  Әбілдікұлы Ақсауыт,Сағатқызы Жұлдыз бен 1 сынып оқушысы Бостанғали Дәулет               тапсырылады.

«Соңғы қоңырау»әні орындалады (хормен)және қоңырау соғылады.

Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындықпен қуанышқа толы
Естіледі шалғайлардан өмір күйдің күмбірі
Армандарға жетелейді жез қоңырау сыңғыры
Ұшты ұядан қалар артта тәтті сезім бала шақ
Шақырады алыстарға  Шақырады болашақ

Айтжан:
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Көріскенше сау-саламатта болыңыздар!
Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын ағайын!

Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындықпен қуанышқа толы

Жұмысты ойлап қаншама ұстаз жанықты,
Қаншама ұл-қыз өзін жақсы танытты.
Оқу енді басталды деп жүргенде
Міне, соңғы қоңырау кеп қалыпты.

Қызба жандар төзімдерін тауысты,
Шебер жандар шаттықпенен қауышты.
Қанша бала бір сыныпты бітіріп,
Бір жас қосып, келесіге ауысты.

Енді бәрі ҰБТ-ны уайым ғып,
Жүріп жатыр оған қызу дайындық.
Ата-аналар таңдап оқу, мамандық
Келер күннің ойлап жатыр жайын нық.

Жүрек толқып қоңыраудың үнінен,
Тақпақ жаттап қанша бала түнімен.
Ұстаздарға арнау айтып бүгін кеп
Құттықтауда соңғы қоңырау күнімен!

Қиындықтың көргенменен қандайын,
Басқалардың қақтырып бір таңдайын.
Әр мереке ұстаздарға осылай
Шаттық алып келе берсін әрдайым!

Игіліктен теріп маржан-жақұтты,
ізгілікке арнаған бар уақытты.
Қиындықтан қаймықпаған ешқашан,
Барлық ұстаз бола берсін бақытты!

Білім менен ақыл-ойды жиып кең,
Қиындықты нық көтеріп иықпен.
Сан асудан асып өтіп сүрінбей,
Барлық бала көрінсін тек биіктен!

Оқу бітіп көңілдер де жайлансын,
Барлық шәкірт сынақтарға сайлансын,
Ата-ананың ұл-қызына ғана емес,
Бүкіл елдің жұлдызына айналсын!


   

1-мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні

1-мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күні


   

Бет 1 из 5

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 келесі > Соңғы >>