Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп

«Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан»

Тәуелсіздік мерекесіне орай Н.Жұбаев орта мектебінде «Тәуелсіздік  мәңгілік мұрат, теңдесіз  құндылық »атты іс-шаралар жоспары бекітіліп,жоспарға сай жұмыстар атқарылды.08.12.14ж күні  салтанатты жиын өткізіліп жоспары мектеп оқушыларына таныстырылды. Мектеп кітапханасында «Тұғыры биік - Тәуелсіз Қазақстан»атты көрме ұйымдастырылса, 09.12.14ж күні «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан»атты мектеп тәлімгері С. Жанбозованың  танымдық кеші өтіліп,кеште мектеп оқушылары өнер көрсетті және облыстық білім басқармасының  маманы Зәуреш Әбішева қатысып кеш жоғары деңгейде бағаланды.10-11 желтоқсан күндері  «Ұлы бабалардың аманаты -Атамекен»тақырыбымен тәуелсіздік шежіресі туралы «Менің елім Қазақстан», «Болмыс», «Желтоқсан ызғары»атты бейнефильмдер көрсетілді.

12.12.14ж күні «Тәуелсіздік  мәңгілік мұрат, теңдесіз құндылық» атты салтанатты жиын өтіліп «Жас Ұлан»бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына үлгілі 26 озат  мектеп оқушылары қабылданды.Шара мемлекеттік әнұранмен ашылып, «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға сәттілік тілеп құттықтау сөздері арналды.Жиын соңында  мектеп оқушылары «Атамекен»әнін  бейнефильм арқылы  орындап,жиын өз мәресіне жетті.1-11сыныптар арасында «Желтоқсан- жаңғырығы» тақырыбмен сынып ,тәрбие сағаттары өтілді. 4 всыныбында Әуелбаева Айнұрдың «Желтоқсан –Тәуелсіздік бастауы»атты ашық көрнекі тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтіліп,оқушылар топқа бөлініп, постер  қорғап, «Менің еліме тілегім»бөлімі бойынша  өз тілектерін тілек ағашына жапсырып,тәрбие сағаты өз деңгейінде өтті. Апталық соңы «Жасай бер,Тәуелсіз Қазақстан»концерттік бағадарламсымен жалғасын тапты.

 

"Тіл - достық пен татулықтың тірегі"

Н.Жұбаев орта мектебінде  тілдер күніне байланысты "Тіл - достық пен татулықтың тірегі" атты тіл апталығы салтанатты түрде  өтті. Мерекеге орай тіл тақырыбында түрлі формада әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мерекелік апталық аясында «Менің тілім – Менің мақтанышым» шығарма жазу байқауы, тақырыптық ашық сабақтар, «Тіл бірлігі –ел бірлігі!» мәнерлеп оқу сайысы, «Қазақстан –достық мекені!»атты мерекелік фестиваль, «Тіл мен өнер егіз» ашық тәрбие сағаттары өтілсе,аудандық

«Елім менің –ұлыстар мекені»атты  сайыста 8-9 сынып оқушылары Бүркітбайұлы Айдын,Бүркітбайұлы Айзада, Қыдырғалиқызы Венера, Қосаяқов Жаңабай номинациялар бойынша жүлделі орындарды иеленді.

   

«Дәстүрден тыс діни ағымдар және жастарға рухани тәрбие беру»

Бүгінгі күнде еліміз бойынша Ислам дінін халыққа жеткізе білуде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар дінге қатысты ушығып отырған кейбір жайттар мемлекеттік дәрежеде басты назарға іліккен мәселелер қатарында екені де жасырын емес. Қазіргі кезде басты мәселе ол –діни экстремизм болып табылады.Діни эксиремизмнің алдын –алу мақсатында «Дәстүрден тыс діни ағымдар және жастарға рухани тәрбие беру» тақырыбында аудан прокуроры Шағыров Батыр,аудандық мешіт имамы Нұреддин, жастар саясатының төрағасы А Қонарбаевпен кездесу өтіліп оқушылар  өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті. Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелей отырып,оқушылардың оқу сауатын ашу  мақсатында  имандылық ,рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде  бейнефильмдер көрсетілді.

   

Ұстаз-ұлағатты есім!

Ұлы мерекелердің бірі –Ұстаздар күнін ел болып атап өтпеу мүмкін емес. Өйткені, өмірдің бастауы – білім. Адам баласының жалғандағы басты қаруы, азығы білім десек қателескен болмаспыз. Президент те ұстаздан білім алған десек, ұстаздың барлық мамандықтар ішіндегі орны осыдан-ақ білінер.

Жыл сайын қазан айының бірінші аптасында Н.Жұбаев  орта мектебінде мұғалімдер күні аталып өтіледі. Осы бір мерейлі мереке қарсаңында, салтанатты жиын өтіп, оған ұстаздар қауымы жиналды. Мұғалімдерді мерекелерімен шын жүректен құттықтаған  11 сынып түлектері, ұстаздарға Алғыс хаттар тапсырды. Ұстаздарға өздерінің алғысын әдемі әзілмен өлеңдетіп жеткізе білді.Кеш дарынды да талантты мектеп оқушыларының өнерпаздары ұсынған ән-би кешімен жалғасты.Мектебімізде мұғалімдер мерекесі осылай өз деңгейінде өткізіліп отырғандығы көңілімізге қуаныш сыйлады,- деп, мектеп директоры Сәнеу Әлібек ой бөлісіп,барша ұстаздар қауымын құттықтап,шығармашылық табыс тіледі.

   

«Денсаулық фестивалі-2014»

«Белсенді өмір-жүз жастық ұзақ ғұмыр»ұранымен «Денсаулық фестивалі-2014» өтті.

«Халықтың салауатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасында спорттың бұқаралық сипаталуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою керек….» -деп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқандай, өскелең ұрпақ - біздің ертеңіміз болғандықтан олардың спорттық білімдерін арттырып қана қоймай, осындай акцияларды көптеп ұйымдастыру жастардың салауатты өмір салтын дұрыс ұстануға өз септігін тигізері сөзсіз!

6 қыркүйек күні салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  Нұн Жұбаев  орта мектебінде «Белсенді өмір - жүз жастық ұзақ ғұмыр»ұранымен денсаулық фестивалі өтті.Акцияның басты мақсаты:оқушыларға  салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін қалыптастыруды насихаттау еді.Жаттығу жүргізу  мектеп алаңы мен спорт залда өтіліп,біршама көңілді сергітерлік әндер шырқалып,билер биленді. Еліміздің әнұранымен басталған іс-шара, оқушылардың бірге жасалған жаттығуларымен жалғасты.Іс-шара барысында спорттық сайыстар өтіліп,жеңімпаз оқушылар дипломдармен марапатталды.Сонымен қатар аудандық отбасы сайысында Нұрғожаевтар мектеп намысын қорғап,жүлделі ІІ орынды иеленді.

 

   

Бет 4 из 5

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 келесі > Соңғы >>