Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп

Сезімге толы, сырлы қоңырау!

1 қыркүйек – Білім күні. Бұл күн мектеп табалдырығын алғаш аттаған әрбір оқушының жадында мәңгі сақталып қалатын күн.

Білім күніне арналған салтанатты жиын Н.Жұбаев орта мектебінде де аталып өтті. Салтанатқа жиналған оқушының да, ата-ананың да жүздерінде қуаныш, қолдарында гүл шоқтары. Салтанат салмағының басым екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.

Мемлекеттік Әнұран орындалып, алғашқы құттықттау сөзді мектеп- директоры Сәнеу Әлібек алып, мерекенің мәні мен маңызына тоқталды. Білім шаңырағының жетістіктерін, мұның бәрі ұлағатты ұстаздардың төккен терінің өтеуі екендігін баса айтып, оларға шығармашылық табыс тіледі. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Құрмашев Алдаберген.Нұн Жұбаевтың інісі Сұлтан Жұбаев, «Әкелер кеңесі»төрағасы Әнес Сегізбай, «Ана ақылы »тобының мүшесі  Айдарова Нина т.б қонақтар қатысып,, балалардың болашағына ақ жол тілеп,жылы лебіздерін білідірді. Мектеп табалдырығын алағаш аттаған бүлдірішіндер құттықтау тілектерін айтса «Қасиетті домбыра»әнімен 1 сынып  оқушысы Мақсат қызы Құндыз барша жұртты өнерімен тәнті етті.

Мақсатқызы Құндыз бен Жетпіс Қыдырқожа бірінші сынып оқушылары және 11 сынып оқушысы, мектеп мақтанышы, пәндік олимпиада жүлдегері, ғылыми жоба сайысының жеңімпазы  Жайықбай Гүлдана  алғашқы қоңырауды соқты.

Мереке соңы  «Қазақстан 2050 стратегиясы: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» тақырыбындағы сынып сағатымен жалғасын тапты.

 

Бет 5 из 5

<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 келесі > Соңғы >>