Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Н. Жұбаев атындағы орта мектеп тарихы.

Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеде бірнеше мектеп балдырғандарға білім береді. Осы мектептердің ішіндегі ең көне тарихы бар ежелгі мектеп – Н. Жұбаев мектебі. Тарих дегеніміз – Отанымыздың, яғни мектебіміздің өткені, бүгінгі, болашағы. Осы биылғы 2010 жылы 86 жылдық тарихы бар мектебіміздің өткеніне көз жіберсек:

Ұлы Қазан революциясының жемісі дүниежүзілік тарихта тұңғыш рет барлық азаматтардың білім алудағы теңдігін іс жүзінде қамтамасыз ететін шынайы мектеп құрылуын қамтамасыз етті.

Сауатсыздықты жою туралы Лениндік декрет (26.12.1919ж) Кеңестік мемлекетімізді жаппай сауатты елге айналдыру ісіне миллиондаған адамдарды жұмылдырды. Коммунистік партияның басшылығымен Маңғыстаудың, кеңес органдары, қоғамдық ұйымдар бұл маңызды шараға белсене кірісті.

Алғаш құрылған Маңғыстау уездік халық ағарту бөлімі мектеп құрылысына ағарту ісіне көп көңіл бөлді. Балаларға міндетті түрде бастауыш білім туралы ззаң қабылданды. Осыған орай бізідің ауылымызда алғашқы мектеп іске кірісті. 1924-25 жылдары мектеп үйі бақшаның қасындағы Шүңет деген кісінің жеке меншік бір бөлмелі (12 кв.м.3*4) үйінде 20-30 дай бала оқыған.

Сонан соң мектеп бақша ауылда тұратын Нұрғалиев Ықылыастың ескі үйіне көшірілген. Ол жылдардағы мектеп директоры, әрі оқытушы Өтелгенов Ұлықпан деген кісі болған. 30-жылға дейінгі Қазақстанда араб әрпімен жазды. Латын әліппесі 1929-30 оқу жылында іске асырылды. 130-31 жылдардан бастап ауылымызда жаңа құрылыс салына бастады. 1932-33 жылдары екі кластық Шетпе жеті жылдық мектебі пайдалануға берілді.

Мектепте « Аусары » мен ауыл балалары оқыған. Бұл мектепте Нұрғалиев Ықылыс, Қамысбаев Есберген т.б қазіргі еңбек ардагерлері оқыған. Сол кездегі оқу балалық шағы туралы Нұрғалиев Ықылас былай дейді.

« Қағаз, қарындаш, сия ол кеде болған жоқ.. Кітаптың бетіне күйемен жазатынбыз. Оқу өте қиын болды, солай бола тұрсада, жатпай- тұрмай оқып, мұғалімнің сөзін ынтамен тыңдаушы едік» 1940 жылы колхоз күшімен мектеп үйі кеңейтіліп, қосымша  екі бөлме салынды. Мектеп құрылысы кесектен тұрғызылған. Кесек тас қызыл сазға сабан қосу арқылы иленіп, қалыпқа құйылатын. Құрылыстың бәрі қарапайым еңбек құралдарымен, қол күшімен жасалған. 1941-1942 оқу жылында мектеп директоры болып Нұрниязов Сәду тағайындалған. Мектеп үйінің едені жер, оны сыпырмай шаң көтермеу үшін аяқтай құрым киізді суға малып еденнің бетін жуатын. Соғыс кезі, қиыншылықтар. Партия халқы « Бәріде майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деп шақырды». Бұл шақыруды ел қолдады. Тылдағы жұмыстың көбін әйелдер істеді. 1943 жылы 25 тамыздағы аудандық оқу бөлімінің бұйырығымен Шетпе жетіжылдық мектебіне директор болып тағайындалған Ізбенова Ақзиба өткенді былайшы еске алады:

9-сыныпты бітіргеннен кейін сыныптас ер балалар және ер оқытушылар майданға кетуіне байланысты еңбек жолымды мұғалімдіктен бастадым.

17 жасар қызға мектеп басқару оңайға түскен жоқ . Бірінші сменада бастауыш кластар параллель өткізілетін 1,2,3,4 кластардың сабақтарын 1-қыркүйекте бастап ал 5,6,7 кластардың сабағын қазан айында бастауыш едік. Себебі, колхоздың шөп шабу, жинау яғни мал азығын дайындау және мал бағу жұмыстарына мектеп балалары жәрдемдесетін еді. Сондай-ақ каикул кездерінде де ерекше үлес қосқан әріптестерім Мұқанова Хадиша, Сәдуова  Балапандар есімде қалпты. Соғыстан жараланып келген Қуанышбеков Омар әскери жетекші болып тағайындалған еді».

1943-47 жылдарды мектеп директоры болып Саймағанбетов Дила ұсынылды.

1953 жылдан бастап жаңадан мектеп салу ісі басталды. Бұл жұмысқа ауылдастарымыз Әбішев Біләл, Исатаева Мүбина, Жайлауова Бағым, Жұмырова Марқаш, Шебірова Злиха т.б небәрі 12 адам қатынасты.

« Ниязбұлақ » жерінен мектеп құрылысы үшін қара тасты сүйменмен қазып алып машинаға тиейтінбіз. Ауылымызда бір самосвал машина болды, оның жүрігізушісі Нұрғалиев Ықылас еді-деп еске алады еңбек ардагері. Исатаева Мүбина құрылысшылардың қолында ең қарапайым құрал-саймандар – қол арба, күрек, балта болды. Қара таудың миллиондаған терілген тасы мен үйілген топырақ түйе, ат арбамен тасылды. Құрылыс материалдары тақтай, бөренелер Таушықтан әкелінді. Мектеп үйінің төбесі үшін « Тентекқара » сайынан қамыс шабылып, сай басына арқалап шығарылып, мектепке дейін ат арбамен тасылынды. Қамыстың үсті топырақ үйіндісімен жабылды. Балшық адам аяғының күшімен иленді. Есік терезелер болмашы, сапасыз тақтайлардан тұрғызылды.

1947-55 жылдары мектеп директоры және осы мектептің құрылысына басшылық жасаған Бисенов Есмырза болды. Мектепте 7-8 мұғалім болған. Қазақбаева Күрең, Әлжанова Қамаш т.б көбінің орта ғана білімі болды. Солай бола тұрса да, сапалы білім беруде елеулі жетістіктерге жеткен. Мектепке жайлаудағы малшы балаларын оқуға атпен, түйемен арнаулы жауапты адамдар жинап әкелетін болған. Оқу 2 кезекте болып, бастауыш  сыныптар оқыған.

Бисенов Есмырза 1905 жылы Қызылқоға ауданы Гурьев облысында туылды. 1939 жылы Рабфак бітіргеннен кейін Гурьевтегі мұғалімдер институтын бітірді. Қазірде соғыс және еңбек ардагері. Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері. Қәзір бақилық. 1955-56 оқу жылында жаңадан Шетпе жеті жылдық мектебі пайдалануға берілді. Мектеп директоры болып Қасимов Қасира тағайындалды.

Бастауыш сауат ашу мектебінің меңгерушісі Жұмыров Тастемір, кейіннен Жұбандықов Нұрғали болған.

1971-76 оқу жылында мектепке директор болып Едігеев Маңыстау ұсынылды. 1938 жылы туылған КПСС мүшесі. Оралдың А.С.Пушкин атындағы пединституттың физика факультетін бітірген. 1977-оқу жылында мектеп директоры болып Қожақов Инадір тағайындалды.

1924-25 жылында небәрі 20-30 оқушымен бастаған болса, 1986-87 жылы 617 баламен бастады. Мектепте 42 оқытушы жұмыс істейді.

1987 жылдың 1-қаңтарынан бастап № 4 қазақ орта мектебіне директор болып Байназаров Асылбек тағайындалды.

1986-87 жылында мектеп алғаш рет өз түлектерін ұшырды. 26 оқушының 13-і  жоғары оқу орнына түсті.Қазіргі таңда мектепті Сәнеу Әлібек басқаруда.Қазіргі Н.Жұбаев атындағы орта мектеп 532 оқушы оқитын, 16 сынып – комплектісі бар, 63 мұғалім еңбек ететін, 2 компьютер сыныбы мен  мультимедиялық кабинеті жұмыс жасайтын үлкен білім ордасы.

1986 жылы алғаш мектеп ашылғаннан бастап, осы мектепте оқып білім қайнарымен сусындаған мектептің бір топ алғыр түлектері, бүгінде Маңғыстаудың экономикасы мен мәдениетін көтеруде жан аямай еңбек етіп жүр. Олардың қатарында  Көшімова Бибатпа,Жайлауова Айгүл, Тілепиева Гүлмира, Байназарова Қама, Жұбаева Ақкенже,Серікбаев Игілік, Ешманов Киікбай,Боранова Айгүл,  Жайлауова Гүлмира, Сарғожаева Гүлжай, Қомшабаева Гүлбаршын,Нұрбергенов Абзал, Ермағанбетов Нұртас, Төлемісов Мәдениет,Сейілов Маралбек,Төлемісов Әсет,Әкімова Марал, Ақмұқанов Алтынбек,т.бесімдерін мақтанышпен атауға болады.
Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ, олардың білімді де білікті жан-жақты жетілген, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол саналы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты.

Сонымен бірге өз пәндерінің білгір мұғалімдері   Сейілханова  Нұртаза,

Иманқұл Балсұлу, Сәрсенбаева Туғанай, Нетше Гүлбанат, Наурызов Амангелді, Байназаров Самат,Махуова Клара, Қондыбаева Нұрсұлу, Айдарова Нұрсәуле Қалиева Нұрлыгүл, Тәңірбергенов Амантай, Жайлауова Венера, Алдабергенова Ләззат,Ленова Жантөре   т.б. сияқты ұстаздар еңбек етуде. Н.Жұбаев атындағы орта мектеп мұғалімдері мойымай көтеріп, міндеттерін абыройлы атқарып келеді ,сондықтан да, мұғалім мектептегі басты тұлға. Мұғалімге артылар сенім жүгі соншалық ауыр әрі ұлағатты ұлы жол.